Павлодарда қала жолдарын жөндеу жұмыстарына кірісті
Кейін Сатпаевтың Естайдан Торайғыровқа дейінгі, Мәшһүр Жүсіптің Қайырбаевтан Естайға дейінгі аралығына көшті. Алайда, бүгін жұмыстар тоқтатылды.
- Сәуір мен мамыр айларында барлығы 70 көшені жөндеуден өткізуді жоспарлануда. Қазіргі уақытта ауа райына байланысты жұмыстар тоқтатылды. Қолайлы ауа райы орнағаннан кейін жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.
Асфальтты қалпына келтірумен қатар, коммуналшылар жол белгілерін жаңартып, қоршауларды бояп, жасанды кедергілерді жөндеумен айналысады. Жұмыстарды күн жылынғанда жалғастырмақ.

