• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда қаланың оңтүстік бөлігінде коммуналдық апат орын алды

Павлодарда қаланың оңтүстік бөлігінде коммуналдық апат орын алды

Оқиға орнына алпауыттың бригадасы барып, олқылық зардабы бүгін жойылды.

Кешкі уақытта орын алған апат салдарынан Шөкин, Сәтпаев, Горький және Мәшһүр Жүсіп шаршысына тиесілі үйлер жылусыз қалған.

Алпауыттың ақпараты бойынша 56 және 60-шы орталық жылумен жабдықтау желілерінде ақаулар анықталған. Жылу беру үдерісін 00:00-ге дейін қалпына келтіргілері келгенімен жөндеу жұмыстары таңғы уақытқа дейін жалғасты.

10-шы қарашада жөндеу жұмыстары аяқталып, ақау салдары толықтай жойылды. Түнгі сағат 01:00-ден бастап жылу желісін толтыру және тұтынушыларды жылуға қосу үдерісі жүргізілді,- дейді Роман Гончаренко.

Сонымен қатар, №6, №120-шы балабақшалар, №39 мектеп және балалар жасөспірімдер клубы жылусыз қалды. Қазір барлығының батареялары қалыпты температураға дейін қызуда.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа