Павлодарда қанша су құдығы құрғап тұр?

Қаламызда арбаға бөшке тиеп, жұмыс істеп тұрған құдықты іздеп жатқандарды жиі кездестіруге болады. Мәселе жеке сектор тұрғындары үшін өзекті. Су құралғылары әдетте қатты аязға байланысты қатып қалады. Басқа жағдайда жөндеуге байланысты жұмыс істемейді.

- Бүгінде қаламызда 5 құдық істен шыққан. Краснодарская – Зыряновская қиылысындағы құрылғы жөндеуге байланысты, Димитрова – Муткеновтағы құдыққа көлік соғылды. Байзақов – Исиналиев техникалық жөндеуге байланысты жұмыс істемейді. Димитров – Алтайская және Зеленстрой 44 мекенжайындағы құдықтар құбыр алмастыруды қажет етеді, - делінген сумен қамту мекемесінің жауап хатында.

Айта кетсек, қаламызда жалпы 204 құдық бар. Бүгінде олардың 5-еуі жөндеуден өтуде. Биыл қала бойынша тіршілік нәрін берушілерді демонтаждау жұмыстары жүргізілмейді.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.