• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда қар тазалау жұмыстарына 228 бірлік техника жұмылдырылады

Павлодарда қар тазалау жұмыстарына 228 бірлік техника жұмылдырылады

 

 

 

Коммуналшылар қыс мезгіліне толықтай дайын. Күнделікті ақ ұлпаны жинап, шығарумен 120-дан астам адам және арнайы техника шығады. Жүк көліктері қар үйінділері қала сыртындағы полигонға шығарады. Биыл екі мердігер Павлодар қаласындағы 118 көшені, 14 айналма жолды, 6 жол өтпесін және 2 кіреберіс айналымын қардан тазалайтын болады. Қысқы маусымға арнайы техниканың 228 бірлігі сақадай сай. Оларға қажетті жанар-жанармайдың қажетті көлемі де жеткілікті деп сендірді әкімдікте.

 

-Ең алдымен арнайы техника қоғамдық көлік жүретін жолдарды тазалайды. Кейін екінші деңгейлі көшелерге шығады. Жұмыскерлердің саны жеткілікті. Қажет болған жағдайда адамдардың санын 300-ге дейін және арнайы техниканың 228 бірлігі қар тазалауға шыға алады,-деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Облысымызда соңғы күндері жауған жауын-шашынның мөлшері артқан. Сол себепті коммуналшылар қала жолдарын, жаяулар өткелдерін және басқа да нысандарды қардан тазалауда. Соңғы тәулікте арнайы техниканың 30-ға жуық бірлігі ақ ұлпаны жинады. Адамдар мен көліктердің жұмысқа шығу саны тікелей жауған қарға байланысты.