• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда қаражаттың жоқтығынан апатты үйді бұзу мүмкін болмай отыр

Павлодарда қаражаттың жоқтығынан апатты үйді бұзу мүмкін болмай отыр

Центральная көшесі, 6-мекенжайындағы бос тұрған үйдің қазіргі көрінісі көңіл көншітпейді. Ғимаратқа кіру жолдары барынша жабылғанына қарамастан, ішінде әлі бөгде адамдар көп жүреді екен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көбіне балалар барады. Олар ғимараттың ішіне кіріп, терезелерді сындырады.

-Бәлкім,осыүйдіжөндепбергенідұрысболаредідепойлайтынтұрғындардабар.Әкімдіктебаспанакезегіндетұрғандараземесқой.Үйдіжөндеп,бірқатаротбасыныосындаорналастыруғаболареді.Әрине,бәрібірдейкелісеқоймас.Біреулержаңаүйденпәтералғысыкелуімүмкін,алендібіреулерүшінбұлдажақсымүмкіндік.Пәтержалдап,қыруарақшатөлегенше,осындатұрудыжөнкөретіндердетабылареді, - дейдіЦентральная көшесіндегі Ирина Климова.

Алайда ғимаратты сақтап қалу мүмкіндігіне қатысты мұндай пікірді қала әкімдігі қолдамайды. Үйді бұзу туралы шешім әлдеқашан қабылданған. Қазір плиталар арасындағы сызаттың үлкейгені байқалады. Ал көршілес үйлердің тұрғындары кез келген сәтте төтенше жағдай орын алуы мүмкін деп алаңдаулы.

- Үйдің қабырғалары бір-бірінен ажырап, арасы ашылып бара жатқан сияқты. Ғимараттың құлайын деп тұрғанын нақты айта алмаймын, оны құрылыс мамандары жақсы біледі. Егер сәулетші келіп қараса, үйдің қисайып бара жатқанын байқар еді. Әрине, бұл жағдай алаңдатады. Кенеттен құлап кетсе қайтеміз? Мұнда кішкентай балалар ойнайды, зейнеткерлер жүреді. 3 жылдай уақыт өтті, әлі күнге дейін шешімін таппай келеді, - дейдіЦентральная көшесіндегі №2 үйдің тұрғыныСәулеЖуркабаева.

Осыдан бір жыл бұрын Павлодар қаласының әкімдігінде телеарнамыздың тілшілеріне құжаттарды рәсімдеу жұмыстарының әлі аяқталмағанын хабарлаған болатын. Құжаттар толық дайын болғаннан кейін ғана ғимаратты бұзу құны анықталуы тиіс еді.Алайда бүгінгі таңда жағдай айтарлықтай өзгермеген. Ал ресми жауап біреу — бюджетте қаражат жоқ.

-Қаржыландырудың болмауына байланысты мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурс өткізілген жоқ. Ғимаратты бұзуға қажетті қаражат бөлу мәселесі 2027 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қайта қаралатын болады. Аталған учаскеде футбол алаңын салу жоспарына қатысты мәселе апатты үй бұзылғаннан кейін қарастырылатын болады, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы ДариғаАбишева.

Еске салайық, бұл үйден 24 отбасы көшірілген. Олардың басым бөлігіне басқа пәтерлер сатып алынса, екі отбасына ақшалай өтемақы төленген. Осы мақсаттарға бюджеттен 550 миллион теңге жұмсалды.