Павлодарда қазанның ортасына дейін ыстық сусыз отыруы мүмкін үйлер бар
Наталья Викторовнаның айтуынша Катаев көшесіндегі №17-үй мамыр айынан қайнақ сусыз отыр. Күздің салқын күндерінде пәтерде тоңбас үшін электр жылытқыштарды қосады. Түнде көрпеге оранып, күндіз қабаттап киініп жүруге мәжбүр.
- Біз жаз бойы ыстық сусыз отырдық. Бүгінде жақын маңайдағы үйлердің барлығында ыстық су бар. Бірнеше жыл бұрын жылу құбырларын ауыстырған. Биыл қайтадан апат орын алды. Енді оны қашан жояды, - дейді Катаев көшесіндегі №17-үйдің тұрғыны Наталья Ханова.
- Алғашқы гидравликалық сынақ кезінде қайнақ судан ажыратылды. Сол уақыттан ыстық сусыз отырмыз. ПИК, 109, әкімдікке хабарластық. Олар алпауыттың кестесін қараңдар деді. Ондағы ақпарат күнде ауысады. Соңғы рет 23-ші қыркүйекте береміз деді. Кейін 15-ші қазанға шегерілді. Қазір ауа-райы салқындаса, қазан айында не болады, - деді Катаев көшесіндегі №17-үйдің тұрғыны Юлия Петрова.
Адамдар ыстық суды нақты қашан беретінін білгісі келеді. Қала әкімдігінде, қыркүйек айының соңына дейін қайнақпен барлық көпқабаттылар болады деп сендірді. Қазір 130 мекенжай түрлі себептерге байланысты қосылмаған.
- Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі ыстық судың болмауының негізгі себептері бұл күрделі жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының жүргізілуі. Сондай-ақ, гидравликалық сынақтардың нәтижесінде туындаған зақымдануларды жою бойынша іс-шараларды жүргізілетін жөндеу жұмыстардың себебіне байланысты, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің бас маманы.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Павлодарда жылуға 187 әлеуметтік нысан және 140 көпқабатты қосылды. 100 пайыз дайындық актілері 957 үйде бар. Жылуға қосылғандардың саны күнделікті артатын болады. Барлық ақпарат энергетикалық компанияның сайтында жаңартылып отырады.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.