Павлодарда қаңғыбас иттерді жою үшін 55 миллион теңге бөлінген
Оларды күнделікті кездестіретін тұрғындар төбеттер топтасып жүреді дейді. Сондықтан бұл адамдар үшін екі есе қауіпті. Дегенмен иесіз иттерді ұстайтын пана қажет деген ойда. Ветеринария мамандарының айтуынша өткен жылы 12 мыңнан астам қаңғыбас ит пен мысықты аулаған.
- Өлтіруге аяймын, ал, панаға өткізуге болады. Орын аз, біақ, қандайда бір шара қолдану керек, - дейді қала тұрғыны.
- Олардың панасы болса, адамдарда жануарларын тапсыру әдеті қалыптасады. Менің мысығым туса, күшіктерін тапсыра саламын, ештеңе етпейді деп ойлайды. Күн сайын онда қанша жануар түсетінін санап көріңіз. Жануарлардың иесінде еш жауапкершілік болмайды, - жаралы жануарларды оңалту орталығының басшысы Мария Гребенкина.
Жыл басынан қанша көше кезіп жүрген иттің көзі құртылғаны әзірге белгісіз. Алайда жұмыстар күнделікті жүргізілуде дейді ветеринария басқармасының өкілі. Айта кететіні бұл мақсатқа биыл 55 миллион теңге бөлінген.
- Негізі бұл жұмыстар бекітілген кесте, жоспар бойынша жүзеге асырылады. Егер шұғыл қоңыраулар түскен жағдайда да мамандар шығады. Заңнамаға сәйкес қаңғыбас иттер ауланып, иесіз болса эвтаназия жасалады, - дейді Павлодар облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Абдрахманов.
Ветеринария өкілі тұрғындардан қаңғыбас иттерге шағымдары бойынша 22-15-99 нөмірі бойынша аулау қызметіне хабарласуды сұрайды.