• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда қаңғыбастар салдарынан коммуналдық апат орын алды

Павлодарда қаңғыбастар салдарынан коммуналдық апат орын алды

Оларда жылу құбыры жарылып, жертөлені су басқан. Жағдайды тұрғындар түнгі уақытта бейнеге түсіріп жіберген. Жертөлеге қайнақ су барып, оның буы кіреберістен шыққан. Сондай-ақ, қатты қысымның салдарынан далаға да аққан. Тұрғын үй инспекциясында хабарлағандай, олқылық белгісіз біреулердің әрекетінен пайда болды.  

 

- Қоқыс камерасынан шығатын құбырдан су шықты. Оқиға орнына барған қызметкерлер, оны жұмыстар орындау барысында сырттан біреулер зақымдады деген шешімге келді.  Қызмет көрсетуші ұйым бірден жылу беруді тоқтатты, - деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанат Желдібаев.  

 

ПИК қызметкерлерінің айтуынша, қаңғыбастар құбырлардың бірін жұлып әкетпек болса керек. Жылуды ұзаққа өшірмеді. Апаттық бригада қызметкерлері бірден әрекет етіп үлгермеген. Себебі, көршілес Украинская, 101 мекенжайында тағы бір апат орын алды. Ұрлық фактісін тәртіп сақшылары анықтайтын болады. Қазір апат салдары жойылып, қос үйге жылу берілді.