• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда қолданысқа берілгеніне бір жыл болған үйдің жертөлесі суға толы

Павлодарда қолданысқа берілгеніне бір жыл болған үйдің жертөлесі суға толы

Тұрғын үй Алюминстройдан қоныс аударғандар үшін салынған. Адамдар өткен жылы қолданысқа берілген баспанада қыста терезелер мен қабырғаларды мұз басады дейді. Ал жазда жаңбыр суы жертөлеге кіреді. Сәйкесіне бірінші қабаттағы пәтерлерде дымқыл. 

 

- Жаңа үйде осындай ақаулар болатынын ойламағанбыз. Көпқабатты төсеніші дұрыс орнатылмаған. Сол себепті жертөлеге су кіреді. ПИК-үнемі оны сорып шығарумен айналысады. Бүгін біздің үйдің ішінде ылғал өте қатты. Немерелерім жиі ауырады. Мұндай пәтерде тұру мүмкін емес, - дейді Академик Шөкин көшесіндегі №155/6-үйдің тұрғыны Галина Жихарева.

 

Қызмет көрсетуші ұйым басшысы тұрғындармен кезекті рет жертөлеге түсті. Айтуынша, жаңбырдан кейін сорғы құралдары 1 тәулік жұмыс істейді. Жыл басынан тұрғындар шенеуніктер мен құрылысшыға бірнеше рет жүгінген.

 

- Сыртқы желілер бойынша тендер ойнатылмады. Мердігер үйді қысқа уақытта тапсырғысы келді. Мұнда Алюминстройдан көшіп келгендер тұрады. Сондай-ақ, абаттандыру жұмыстары да орындалмаған, - дейді қызмет көрсету ұйымының басшысы Вадим Жемалутдинов.

 

Қала әкімдігінде мәлімдегендей, жертөлені су басу мәселесін, үйдің құрылысымен айналысқан мердігер, кепілдік мерзімі аясында жояды. Жұмыстар қыркүйектің 15-не дейін аяқталуы қажет.

 

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа