• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда қоршауды құлатқан жол-көлік апаты салдарынан жапа шеккендер бар

Павлодарда қоршауды құлатқан жол-көлік апаты салдарынан жапа шеккендер бар

Полицейлердің берген ақпараты бойынша «Ваз-2110» көлігін басқарған 21 жасар жүргізуші «Жол бер» деген жол белгісі талаптарын орындамай «Honda» автомобиліне барып соғылған.

Соққы салдарынан «ВАЗ» жеке үйдің қоршауына кіріп кетіп, ол өтіп бара жатқан адамның үстіне құлаған. Жапа шегуші жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Одан бөлек «Honda» жүргізушісінің жұбайы мен қызы дәрігерлердің көмегіне жүгінген, - деп хабарлады Павлодар облысы поиция департаментінің баспасөз қызметі.

«ВАЗ-2110» айып тұрағына қойылып, аталмыш дерек бойынша тексеріс жүргізілуде. Сараптама тағайындалған.