Павлодарда қоғамдық көлік мәселесі қашан шешіледі?

Павлодардағы 4 шағын маршрут көліктері үлкен автобустарға ауыстырылады. Олар: №111, 7, 151 және 153-ші бағыттар. Бұлар қазіргі тасымалдаушылар үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз екен. Автобустарға ауыстырылған жағдайда жолақысын субсидиялауға болады.

 

- Кіші классты толығымен алып тастау мүмкін емес. Кейбір біздің шағын аудандарда ені тым аз көшелер бар. Ол көшелерден үлкен автобустар жүре алмайды. Егер бұл графиктан біз алып тастайтын болсақ, халық наразылық тудырады. Сондықтан шағын санаттағы автобустарды қалдыруға мәжбүрміз, - деді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров.

 

Павлодар қаласында жолаушылар мен жүк тасымалдау бойынша тұрақты желінің құрамында 34 автобус маршруты бар. Оның 26-сы субсидияланады. Шенеуніктер қосымша 6-уына өтініш берген. Қазіргі уақытта, жүргізушілердің жетіспеушілік көрсеткіші 20%-ды құрайды. Бұрын бұл көрсеткіш 50% асатын.

 

- Жүргізушілер бүгінгі күні келіп жатыр дейді. Орташа жалақысы 320 теңге. 260-тан 320-ға дейін жалақысы бар. Бірақ орташа жалақы 320 теңге. 320-мың теңге кешірім өтінем. 320-мың теңге соны ести отыра, бүгінгі күні енді толыққанды келіп жатыр деп айтпаймын, бірақ ол кісі айтады тапшылықты шешіп жатырмыз деп, - дейді Арслан Қалияқбаров.

Бұдан бөлек, үлкен көлемдік автобустарды жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл 140 көлік әкелінеді деп күтілуде.