Павлодарда қураған ағаштарды кесуге 150 миллион теңге бөлінді
Сонымен қатар орталық көшелердегі шаһардың сәнін келтіріп тұрған сүмбіл терек, қарғаш секілді ағаштарды қырқып, пішінін реттейді. Негізінен өтінімдер бойынша барады. Бұл ретте де көп қиындықтар кездеседі дейді ТҮКШ бөлімінің мамандары.
-Адамдар осындай мекенжайда ағашты кесу керек, кедергі жасап тұр деп айтады, ал барсаң тағы он адам шығып, жоқ, кеспеңдер деп қарсы шығады. Бұл ретте көп адамның тілегін ескеру керек. Біз негізінен қауіп төндіретін жасыл желекті алып тастауға тырысамыз. Өтінім қала бойынша өте көп. Барлығына үлгеруге тырысамыз,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арслан Қалияқбаров.
Естеріңізге сала кетсек, жақында қаланың жасыл жоспарын жасаған еді. Ол бойынша жауаптылар жасыл желекті қайда отырғызып, қалай күтіп баптайтынын қадағалайды. Сонымен қатар жолда көліктерге, бағдаршамдарға кедергі келтіріп тұрған бұтақтарды кесумен де айналыспақ.
Авторы:Бибінұр Хамитқызы