• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда қылмысқа қатысы бар күдіктілер Германия мен Ресейде ұсталды

Павлодарда қылмысқа қатысы бар күдіктілер Германия мен Ресейде ұсталды

 

 

"Іздестіру" республикалық жедел – профилактикалық іс-шарасын өткізу нәтижесінде павлодарлық жедел уәкілдер көршілес елдердегі полиция қызметкерлерімен бірлесіп 15 қылмыскерді ұстады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Германияның Нюрнберг қаласында 43 жастағы іздеуде жүрген қылмыскер анықталды. Ер адам Қазақстанда алаяқтық жасағаны үшін сот төрелігінен жасырынған. Осыған ұқсас қылмысы үшін көрші ресейлік Екатеринбург қаласында 25 жастағы іздеуде жүрген адам ұсталды.

 

-Ұсталған ер адамдар қамауда. Оларды экстрадициялау мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, біздің қалада көрші мемлекетте ауыр қылмыс жасап, кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Сондай - ақ Павлодар қаласы мен Қарағанды облысының аумағында хабар-ошарсыз кеткен екі азаматтың орналасқан жері анықталды, - деді Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.


Айта кету керек, ішкі істер органдарының іздестіру жұмыстары жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етеді.

 

Фото: Freepik.com