Павлодарда құлаған шырша дауына нүкте қойылды

 

 

Қалалық әкімдік қызмет көрсетуші кәсіпкерге шыршаны қайта жаңарту жөнінде сотқа жүгінген еді. Алайда, Павлодар облыстық сотының апелляция алқасы талаптарын қанағаттандырмады дейді irsbistv.kz тілшісі

 

Биыл 10 қаңтар күні Павлодарда орталық алаңдағы жаңа жылдық шырша құлап қалған еді.

Конструкция онсыз да, бюджеттен бөлінген 50 миллион теңгеден астам қаражатқа қатысты қоғамда дау тудырған болатын. Нәтижесінде Павлодарлық коммуналдық мекеме нұқсан келген шыршаны жеткізуші кәсіпкерге оны ауыстыру талабымен сотқа шағымданған. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл талапты қанағаттандырған еді, кейіп аталмыш ұйым аппеляцияға жүгінген.

 

-Павлодар облыстық сотының апелляция алқасы Павлодар қаласының орталық алаңында күшті желге шыдамай құлаған мерекелік бас шыршаны форс-мажорлық жағдайдан болған деп таныды. Соған орай жеткізуші компания оны жаңасына ауыстырмайтын болды,-деп жеткізді облыстық сотта.

 

Осылайша, биыл конструкция жаңартылуы екіталай, сәйкесінше Павлодарда құны 59 млн теңге тұратын шырша мен өзге жаңа жылдық әшекейлер қайтадан орнатылуы мүмкін.

 

Фото: Павлодар қаласы әкімдігі