• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда Құрбан Айт мерекесі қалай тойланатындығы айтылды

Павлодарда Құрбан Айт мерекесі қалай тойланатындығы айтылды

Мұсылмандардың ұлық мейрамы Құрбан Айт биыл 9 шілдеде басталады. Ал Арафа күні шілде айының сегізіне сәйкес келеді. Павлодар облысындағы барлық мешіттерде айт намазы таңғы сағат 7:00 оқылады. Бұл жайлы облыстың өкілетті имамы баспасөз конференциясында мәлімдеді.

 Қасиетті жұма күніне тұспа тұс келген Арафа күнінде ауыз бекіткен жандардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Құрбан Айт мейрамында қой, ешкі, сиыр және түйе құбандыққа шалынады. Әрқайсысына қойылатын талаптар да әртүрлі.

 -Қой мен ешкіге талап, ол талап бір жылдық болу керек, бір жаста болу керек. Енді кейбір ғалымдар рұқсат береді, алты айлық қойға рұқсат береді, бірақ, онда адамның егер жағдайы болмаса, ірі қой сатып алуына, ең бірінші қаражат жағынан, онда ол алты айлықта алуға болады. Бірақ алты айлықтың үкімі қойға ол жарайды, ол міндетті түрде сау болу керек және семіз болу керек. Ал енді сиырға, бұқаға келген кезде, екі жастан басталады. Ал түйе үш жастан басталады,-деп хабарлады ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы.

 Айта кеткен жөн, Құлагер ипподромында құрбандық шалу онлайн және оффлайн форматында өтеді. Адамдар осы жерге келіп, қойды сатып алуларына болады, немесе, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Qurban2022.kz арнайы сайтында тапсырыс жасай алады. Бұл ретте, өкілетті имам қой бағасына араласа алмайтындарын атап өтіп, халықты бағаны аса көтермеуге шақырды. Айта кететіні, 9 шілде күні түстен кейін қалалық саябақта рухани, патриоттық, мәдени шаралар ұйымдастырылады. Онда балаларға сыйлықтар беріліп, жәрмеңке өтеді. Сонымен қатар, Павлодар қалалық мешіттері бірлесе отырып, халыққа тегін палау таратады.