• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда үй ауласындағы балалар алаңы жеке меншіктің иесінде болып шықты

Павлодарда үй ауласындағы балалар алаңы жеке меншіктің иесінде болып шықты

Тұрғындардың айтуынша, жуырда онда құрылысшылар келіп, баспана алдындағы телімді қоршай бастаған. Адамдар бірден тәртіп сақшыларын шақырып, енді шенеуніктерден жағдайды түсіндіру сұрайды.

 

Сәуір айының соңында бұл көпқабатты үй тұрғындары жиналып, тазалық шарасына шыққан. Сол кезде белгісіз біреулер ауладағы телімді қоршауға кіріскен. Адамдар бірден полицияға жүгінді. Тәртіп сақшыларының көмегімен, баспана алдындағы телімде екі үйдің құрылысы басталайын деп жатқанын білген. Олжабай батыр 30 және 32-ші үй тұрғындары енді аулада орын жетпей қалады деп алаңдауда.

 

-Қазіргі уақытта біз әкімдікке, прокуратураға және қаржы полициясына ұжымдық арыз дайындаудамыз. Бұл жағдайды тоқтату үшін барлық инстанцияларға хабарласудамыз. Осы екі үйде 40 отбасы тұрады. Аулада құрылыс басталса, орын жетпейді ғой,-деді Олжабай батыр көшесіндегі №32-үйдің тұрғыны Константин Гречаник.

 

-Олар бізге құжаттарымыз бар деп, акт көрсетті. Мұнда бір немесе екі үйдің құрылысы басталады. Электрды қайдан алады? Бізде қазірдің өзінде жарық мәселесі бар. Енді олар ауланы толықтай алып қоймақшы,-деп мәлім етті Олжабай батыр көшесіндегі №32-үйдің тұрғыны Галина Русанова.

 

Сол кезде қоршау орнату шарасын тәртіп сақшылары тоқтатқан. Қазір адамдар құрылысшылардың қайта келуінен қорқады. Қала құрылысы бөлімінде, аталмыш жер телімі 2006-шы жылы жекеменшікке берілгені туралы айтты. 2019-шы жылы оның қожайыны ауысқан.

 

-2023-ші жылы аталмыш жер телімі сатып алу сату келісімі бойынша басқа қожайынға сатылды. Бұдан бөлек, біздің бөлім тарапынан ғимарат жобасын жасауға рұқсат берілмеді. Эскиздық жобасы да келісілмеді. Олар тек қана өз телімдерінің шекарасын бекітпекші болған. Құрылыс жасауға рұқсаттары жоқ,-деп мәлім етті Павлодар қаласы архитектура және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Арсланбек Қабдықайыр.

 

Қаланың бас жоспарына сәйкес, ол жерде үйдің құрылысы қарастырылмаған. Телім жекеменшікке тиесілі болғандықтан, оны қоршау заңды түрде орнатылуы мүмкін.