Павлодарда үш мыңға жуық пәтер салынған

- «Достық» шағын ауданында СПК бойынша 2 көп қабатты тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл 216 пәтерлі  №6 және №8 үйлер. Олар өткен жылы тапсырылды.  Ағымдағы жылы 143 пәтерден тұратын 3 үй берілді. Жыл соңына дейін 216 пәтерлі тағы 2 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Павлодар қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Асқар Ажмұрат.

 

Ал «Сарыарқа» шағын ауданында жалпы 42 көпқабатты тұрғын үй бой көтеріп, 3948 отбасы баспаналы болады. Құрылыс жұмыстарын толығымен  2022 жылы аяқтау жоспарлаған.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова