• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға мерекелік датаға орай ақшалай сыйақы беріледі

Павлодарда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға мерекелік датаға орай ақшалай сыйақы беріледі

Қалалық жұмыспен қамту бөлімінде Республика күніне орай мемлекеттен төленетін бір реттік төлемді азаматтардың қандай категориялары алатынын айтты деп хабарлайды irbistv.kzтілшісі.

 

Мемлекеттік органның ақпараты бойынша республика күнін мерекелеуге орай азаматтардың белгілі бір категориясы бір реттік әлеуметтік көмекке ие болады. Ол Павлодар қаласы бойынша осы жолы 9 мыңға жуық адамға төленеді.

 

- Республика күніне орай мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балалар мен 1 – 2 топтағы мүгедектерге бір ретттік әлеуметтік төлем төленеді. Ол 5 АЕК яғни 18 460 теңгені құрайды. Басты талап азамат Павлодар қаласында тіркелген болуы керек,-деді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік төлемдер секторының меңгерушісі Назкен Акаева.

 

Егер азамат мүгедек категориясын жақында ғана алған болса оған бұл төлемге ілігу үшін мүгедектігі туралы анықтаманы әкелу жеткілікті. Ол үшін Кривенко 25 мекенжайында орналасқан Open Pavlodar кеңсесіне жүгіну қажет. Айту керек, төлем 25 қазан күні автоматты түрде аталған азаматтар категориясының есепшотына түседі.

 

Фото: Freepik.com