• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда әлеуметтік ролик режиссерлері кездесу өткізді

Павлодарда әлеуметтік ролик режиссерлері кездесу өткізді

Әлеуметтік бейнероликтер жастарға ынта мен жігер беріп, күмәнсіз, нық қадам жасауға септігін тигізеді. Павлодарлық «Buka Films» шығармашылық тобы дәл осы ұранмен, бірнеше шағын фильм түсіріп үлгерген.

 Павлодарда бұндай шығармашылық кездесулер сирек кездеседі. Залда жастар, әскерилер, депутаттар, полиция қызметкерлері, тіпті танымал музыкант Иманбектің өзі де бар. Олар «Buka Films» туындыларымен танысып, әлеуметтік бейнероликтерде көтерілген тақырыптар жайлы ойларымен бөліспек.  Түсіруші топ жетекшісі Болат Сүлейменовтың айтуынша сондай фильмдерінің бірі жастарға ерекше әсер еткен.

- Мен әскерде еліміздің жан-жағында достар таптым. Бұны біздің бейнероликте көрсеттік. Оны көргендерден көптеген жағымды пікірлер келіп түсті. Тіпті, 15 жігіт бейненің көргеннен кейін әскерге бару шешімін қабылдады, яғни біз өз мақсатымызға жеттік,- дейді «Buka Films» жетекшісі Болат Сүлейменов.

«Buka Films»  басында криминалдық тақырыптарда шағын роликтер түсіріп, кейін, сыбайлас жемқорлық, анаға деген махаббат, қайырымдылық сынды тақырыптарға көшкен. Өнерпаздармен кездескен халық қалаулылары жастардың бастамасын жоғары бағалады.Іс-шара қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.

 

Авторы: Дархан Бекишев