• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда әскери борышын өтеген сарбаздар үйлеріне қайтты

Павлодарда әскери борышын өтеген сарбаздар үйлеріне қайтты

 

 

Өткен жылдың күзінде әскери қызметке шақырылып, белгіленген мерзімде міндетін атқарған 110 сарбаз үйіне қайтты. Павлодар қаласындағы 66/79 әскери бөлімінде жауынгерлік тумен және жеке құраммен қоштасуға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бөлім басшылығы, офицерлер және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер атынан әскери қызметшілердің жоғары рухани–адамгершілік және патриоттық қасиеттерін қалыптастырғанына сенім білдірді.

 

-Бір жыл ішінде бұл жас сарбаздар өз борышын құрметпен орындады. Жауынгерлер Павлодар қаласындағы маңызды нысандарда қарауылдап, арнайы контингентті күзетпен алып бару, әскери бөлім ішінде қызметті үлкен жауапкершілікпен өтеді. Әрбір сарбаз офицерлердің шыңдалуына, біліктілігін арттыруына елеулі үлес қосты. Сондықтан сарбаздарға ырзамыз. Тек сәттілік тілейміз,-деді 66/79 әскери бөлімшесінің командирі Аманжол Айтенов.

 

Ел қорғау-ердің басты міндеті. Қасқайып тұрып, тәуелсіз мемлекеттің қалқаны болуға сарбаздарымыз әрдайым әзір дейді Павлодарға Балхаштан келген Әділжан Бейсембаев.

 

-Біз барлығымыз әртүрлі болдық. Біреу электрик, біреу кәсіпкер, екінші дәнекер, дәрігер. Бірақ бізді біріктірген Ұлттық Ұлан қатары. Біз өкінбейміз. Әскери борышымызды Павлодар қаласында өткізгеніміз үшін. Бір жыл тез өтті. Көзді ашып жұмғанша, жас сарбаз болып келіп, бір жылда нағыз ержүрек жауынгер болдық,-деді сарбаз.

 

Үлгілі әскери тәртіп, жауынгерлік даярлық пен қызмет етуде көрсеткен жақсы нәтижелері үшін сарбаздар алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды. Бірнеше күннен кейін әскери бөлімге қайтадан жас сарбаздар құрамы келеді.