• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде не арзан болды?

Павлодарда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде не арзан болды?

Жаңа жыл қарсаңында жергілікті билік қала тұрғындарына азық-түлікті әдеттегідей төмен бағалармен ұсынды. Айта кету керек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде тауар құны нарықтағыдан 15-20% төмен.

- Мереке қарсаңында осындай жәрмеңке ұйымдастырылып жатқанына өте қуаныштымын. Бағалары көңілімнен шығып отыр. Мен бүгін жақсы бағамен ет сатып алдым. Сондай-ақ, жергілікті жылыжай кешендерінен көкөніс алдым, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Татьяна Мигунова.

- Бүгін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне өңіріміздің 8 қалаcs мен аудандары қатысып отыр. Сондай-ақ, Ақсу және Екібастұздық жылыжай кешендері өнімдерін алып келді. Қызанақ 550, ал қияр 950 теңгеден. Еттің барлық түрі бар. Бұдан бөлек, екі сүт тасушы көлік келді, - деqді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің бас маманы Татьяна Нагула.

Әсіресе, павлодарлықтардың көңілінен жергілікті қызанақ пен қияр шықты. Қала тұрғындарының айтуынша, мерекелер қарсаңында бұл өте жақсы көмек.