• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда өткен демалыс күндері 300-ге жуық вейп тәркіленді

Павлодарда өткен демалыс күндері 300-ге жуық вейп тәркіленді

Облыстық экономикалық тергеу департаменті мамандары тексеріс нәтижелерімен бөлісті. 20 маусымнан бастап электронды темекінінің бұл түрін сатуға толық тыйым салынған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Бүгінде вейптерді сатуға тыйым салынғанымен оны қолданатын павлодарлықтардың саны азаймай тұр. Бұл уақытта қабылданған заң күшіне енді, сондықтан мамандар шара қолдануға құқылы. Дерек анықталса, тауар тәркіленіп 7 миллион 400 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

 

- Өткен демалыста 292 дана электронды құралды және сұйықтықтарды тәркіледік. Тауардың жалпы сомасы 1,4 миллион теңгені құрады,-деді Павлодар облысы экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Қамбар Қабдуллин.

 

Сонымен қатар, барлық сауда орындары тексеріледі. Оған қоса Instagram мен Telegram арқылы сатқысы келетіндер бақыланады. Егер заңсыз сауданы байқап қалсаңыз салық комитетіне немесе экономикалық тергеу департаментіне хабарлау қажет.

 

Фото: Freepik.com