Павлодарда “Ashyq” жобасына қатыспайтын нысандардың жұмысына шектеу қойылды
Өңіріміз «қызыл аймақ»-та. Бұл ретте карантин талаптары күшейтілді. Қаңтардың 15-нен бастап «Ashyq” жобасына қатыспайтын нысандардың жұмысына шектеу қойылды.
Тыйым салынған нысандардың қатарында концерттік залдар, көрмелер, мешіттер, шіркеулер мен түнгі клубтар да бар. Ал кинотеатрлардағы адам саны 30 пайыздан аспауы тиіс. Жаңа қаулыда білім беру мекемелерінің жұмысына да тоқталды.
- Облыс орталығы, қала мен аудан орталықтарындағы мектептердің қызметі 600-ге дейін оқушы болса, штаттық форматта, 600-ден астам оқушысы бар қалалардағы мектептер қашықтықтан оқытуға ауыстырылады. Бұл ретте мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 1-2 сыныптарда оқытудың штатты үлгісі болуы мүмкін. 3-5 сыныптарда кезекші сыныптар қашықтықтан оқыту форматы болуы ықтимал, - деп мәлімдеді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.
Айта кететіні, облыс бойынша 112 мыңнан астам оқушының 50 мыңдайы қашықтықтан білім алады. Ал ауылдық мектептер оқушы санына қарамастан дәстүрлі форматта оқуды жалғастырады. Колледждер мен ЖОО аралас үлгіде оқиды.
Авторы: Арнагүл Исабекова