Павлодардан 700-ден астам азаматты қысқа мерзімді әскери қызметке жөнелтуі тиіс
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы екі сарбазды денсаулығына байланысты үйіне қайтарған. Әскер қатарына шақырылушылар Отан алдындағы борышын өтемес бұрын медициналық тексерудің екі кезеңінен өтеді. Барғысы келгенімен өтпейтіндер де бар. Сондай-ақ керісінше жарап тұрып айла әрекетке көшетіндер аз емес. Медициналық комиссия құрамына павлодарлық емханалардың қызметкерлерінен тұратын тәжірибелі дәрігерлер кіреді. Олар бұл үшін айына 120-дан 180 мың теңгеге дейін алады. Тәжірибе көрсеткендей олардың жұмысында да қателіктер орын алады. 2021 жылы екі сарбазды үйге қайтарған.
-Аталмыш адамдар медициналық комиссия өтпес бұрын өз ауруларын жасырған және көрсетпеген, дәрігер мамандарға еш шағым айтпаған, сәйкесінше әскерге алынды,- дейді Павлодар облыстық медициналық комиссиясының төрағасыОлег Каримов.
Бүгін әскер қатарына шақырушылардың аналары өз сұрақтарын қойды. Бастыларының бірі кейінге шегеру. Оны бірнеше жағдайда алу керек. Егер ресми түрде некесі және баласы бар болса, азамтты әскерге алмайды. Сонымен қатар оқуды іштей оқыса және денсаулық жағдайы келмесе де дәл солай. Егер анасы жалғыз болса және дені сау болса, жалғыз ұлын әскерге алып кетеді. Заң бойынша оны ұстай алмайды. Сонымен қатар жыныстық көзқарасы дәстүрлі емес әскерге шақырылушылар туралы да айтты. Олардың борышын өтеуге тыйым сала алмайды. Алайда олардың өздері де құлық танытпайды екен.
-Павлодар облысында әскерге шақырылушылар арасында ондайлар саусақпен санарлық. Шамамен үш адам ғой деймін. Олар қазір іздеуде. Яғни облыста жоқ. Алматыда, Нұр-Сұлтанда жүрген болар. Менің ойымша олардың денсаулығы жарамайды,- дейді Павлода облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Бауыржан Есімов.
Павлодар облысының бас әскери комиссары мұндай жігіттерді психиатрлар өткізбеуі мүмкін дейді. Айта кету керек егер азамат әскерге барудан бас тартса, оған кредиттік каникул ұсынылады. Оқу мен жұмыстағы орны сақталады. Әскерге шақырылушылардың аналары микронесиелер мәселесі туралы айтты, олар бойынша шегеру бермейді. Бір жылда сома бірнеше есе өсіп кетеді. Бұл сұрақты Министрліктің қарауына шығаруды сұрады.
Авторы:Артем Клеван