ПАВЛОДАРДАҒЫ 2 КӨШЕДЕ «БАСТЫ ЖОЛ» МӘРТЕБЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
- Павлодар қаласының жол-техникалық қызметкерлеріне тұрғындардан Нұркин-Парковая және Ворушин - Циолковский қиылысындағы көліктер легін реттеу өтініші түсті. Тексеріс қорытындысы бойынша «Басты жол» бағыты өзгертілді, - Павлодар қаласы ПБ мемлекеттік аға автоинспекторы Арман Қорыбаев.
Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына екінші Павлодардағы тағы бір қиылысты тексеру ұсынысы айтылған. Алдағы уақытта, коммуналшылар Архангельская – Литвинов көшелерінде белгілерді ауыстырады.