• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда 3 көшедегі жөндеу жұмыстары бір ай бойы аяқталар емес

Павлодарда 3 көшедегі жөндеу жұмыстары бір ай бойы аяқталар емес

 

 

Мәшһүр Жүсіп, Абай және Маяковский көшелерін бір айдан аса жабық. Көліктер легі жиекжол және трамвай рельстері арқылы телімді айналып өтуге мәжбүр. Олардың айтуынша, жауапты адамдар жөндеу жұмыстарын орындауға асықпайды.

 

-Жаз бойы не істеді? Қашанғы шыдаймыз бұған? Трамвай жолдарымен өтуге мәжбүрміз. Бұл жүргізушілерге де, жүргіншілерге де еш ұнайтын дүние емес. Өте ыңғайсыз,-деп шағымдарды білдірді павлодарлықтар.

 

Ал коммуналшылардың ақпараты бойынша Мәшһүр Жүсіп, Абай және Маяковский көшелерінде су алпауыты инвестициялық жобаны жүзеге асырмақшы болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі болмады. Жалпы Павлодарда 48 телім қысқы күтімге алынған екен.

 

-Аталмыш телімдердің басым бөлігі алпауыттарға тиесілі. Сондай-ақ, басқа заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға тиелсілі учаскелер де бар. Олар қысқы күтімге алынды. Ол дегеніміз қандай да бір телімде шұңқыр немесе басқа да олқылық пайда болса, жауапты тұлғалар қысқа мерзімде оны жою қажет,-дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясының бас маманы Темір Қасқабаев.

 

Аталмыш телімдердің қысқы күтімі орындалмаған жағдайда иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл соммасы 2-ден 30 АЕК-ке дейін.