• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы 34 медициналық ұйымда тегін стоматологиялық қызмет көрсетіледі

Павлодардағы 34 медициналық ұйымда тегін стоматологиялық қызмет көрсетіледі

- Қазіргі таңда павлодарлық филиал 34 емханамен серіктестікте. Бұл аталмыш қызмет түрлерін көрсететін емханалар мен жекеменшік стоматологиялар. 2020 жылы қордан 500 миллион теңгеден астам төленсе, биыл 5 айдың ішінде 337 миллионға жуық жұмсалды, - дейді «ӘМСҚ» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Әлия Түлжанова.

 

- Жыл сайын емханада стоматологиялық құрылғылар жаңартылады. Біздің дәрігерлер диагностика жасаудың және емдеудің тек заманауи тәсілдерін қолданады. Күніне 360 адамдай қабылдаймыз, - дейді емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Манас Кәрібаев.

 

Емхана дәрігерінің айтуынша жыл басынан мұнда 50 мыңға жуық пациентті қабылдаған. Айта кететіні, тұрғындар стомотологиялық қызметті тіркелген емханасынан бөлек, басқа да ұйымдардан ала алады.  Медициналық көмекке  қатысты барлық сұрақтар бойынша 1406 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.