Павлодардағы 400-ге жуық көпқабатты қайнақ сусыз отыр

Гагарин, 38/2 мекенжайының тұрғындары 2 айға жуық қайнақ сусыз отыр. Ресми сайттағы ақпаратқа сәйкес оны шілденің 3-і қосу керек болған. Бүгін кесте жаңартылып, мерзімі 12-не шегерілді. Энергетикалық компанияда мұндай мәселені желілердің қатты тозуымен байланыстыруда. Сондай-ақ, жуырда қаланың оңтүстік бөлігіне тиесілі жылу энерго орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

- Шілденің 7-не келіп түскен ақпарат бойынша Павлодардың 822 көпқабаттысы қайнақ суға қосулы. 421-іне ыстық су берілмеді. Аталмыш сандар күнделікті өзгеріп отырады. Қазірдің өзінде тұрғын үйлерге су беру үдерісі жалғасуда, - дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Роман Гончаренко.

 

Мамандар нақты мерзімді атау бірнеше факторға байланысты дейді. Жаңа кестеге сәйкес желілердің жөндеу жұмыстарының басым бөлігі шілденің 15-і аяқталады. Кейбір мекенжайларда қайнақ су қыркүйекке дейін болмайды.  

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.