Павлодардағы 43 тұрғын үй қысқы жылу маусымына дайын

Бүгінде Мәшһүр Жүсіп, 2 мекенжайында жылуды үйге ортақ бөлетін құбыр алмастырылуда. Тұрғындар қаражат жинап, ПИК арқылы жұмыстар жалғасып келеді. Өз баспаналарын қыс мезгіліне жылдам әрі сапалы дайындауды қалайды.  

 

- Қазір біз желіні жуып шаюмен айналысудамыз. Дайындық жұмыстарының жоспары алдын-ала бекітілді. Өткен қыста қандай олқылықтар бар екенін білдік. Бізге тиесілі әрбір көпқабаттыда осындай жұмыстар жүргізілетін болады, - деді ПИК қызметкері Антонина Рыбалко.

 

- Павлодарда желілердің күрделі жөндеу жұмыстары 36 көпқабаттыда жүргізілуде. Бұған тұрғындар 37 миллион теңге жинаған. Бүгінгі күні 43 үй жылыту маусымына 100 пайыз дайын. 80 пайызға 181-і дайындалған. Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасады, - деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Сұлтанали Макеев.

 

Осы ретте, тұрғын үй инспекциясының мамандары павлодарлықтардан белсенділік танытуды сұрайды. Күзге қарай дайындық жұмыстары күрделі болмақ. Себебі, ол кезде жылу беру басталады.