• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы автобус маршруттарының қозғалысына өзгерту енгізілді

Павлодардағы автобус маршруттарының қозғалысына өзгерту енгізілді

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі № 57, 115 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізу туралы хабарлады дейді irbistv.kz тілшісі.

-Камзин - Ладожская көшелері тұрғындарыныңөтініштеріне байланысты 2024 жылғы 27 маусымнан бастап № 57, 115 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына Ладожская көшесіне кіруді ұйымдастыруда өзгерістеренгізілетін болады. Маршруттардың қозғалыс сызбалары Н. Назарбаев даңғылы – Ладожская көшесі (кері бұрылыспен) - Н. Назарбаев даңғылы - ДЭУ аялдамасы арқылы өтетін болады. Сол сияқты кері бағытта, -делінген қала әкімдігінің ресми мәлімдемесінде.