Павлодардағы аялдамалар күтіміне қанша бөлінді?

Қаламыздағы аялдамалардың басым бөлігі металдан жасалған. Орталықта шыны павильондарды кездестіруге болады. Олардың саны - 125. Нәзік шыны материалын вандалдарға төзімдісіне алмастыруда. Сондай-ақ, орындықтардың ағаштары жиі сынады екен.

 

- Бүгінгі таңда қала бойынша «Коммунсервис» 454 аялдама павильоны бар. Оның ішінде 309 металл құрылымды, 125 шыны, 6 кірпіш, 3 монолитті, екеуі темір бетоннан және екеуі пластиктен  жасалған, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла. 

 

 

Биыл аялдама павильондардың күтіміне 12 миллион теңге бөлінді. Мердігер орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау, жалпы аялдаманы жуумен айналысуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа