Павлодардағы ағаш пен гүлдер қалай күтіп-бапталады?

 

 

Коммуналшылардың айтуынша, саябақтардағы ағаштарды суару жұмыстары көктемнен басталды. Күнделікті кешкі уақыттан таңға дейін қалада 18 арнайы көлік осы шарамен айналысады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Аптап ыстықта жұмыс қарқыны күшейеді. Мердігерлік ұйымда қызметкерлер саны жеткілікті деп айтты әкімдікте.

 

- Павлодарда отырғызылған гүлдердің жағдайы жақсы деп айтуға болады. Күнделікті оларды суару және шөптерін жұлу шарасы орындалады. Барлығы ауа райына байланысты. Жаңбыр жауса, әрине бұл жұмыстар жалғасын тауып жатады. Өспей қалған гүлдердің орнына мердігерлік ұйым өз қаражатына өсімдіктерді қайта отырғызады,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бағдат Жингулова .

 

Коммуналшылар гүлдер, жас ағаштар мен соңғы 5 жылда отырғызылған желектерге аса көп көңіл бөледі. Арнайы техника суды Олжабай батыр және Каз.Правда көшесінде орналасқан құдықтан алады. Бұдан бөлек, қаладағы бірнеше саябақта су құю жүйесі орнатылған. Олар күнделікті таңертең қосылады. Айта кетсек, биыл мердігерлік ұйым 30 мың шаршы метрге гүлдерді отырғызған.