• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы балалар психоневрологиялық орталығынан бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

Павлодардағы балалар психоневрологиялық орталығынан бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

-Кіші медициналық қызметкерлердің біліктілігі төмен болды. Орташа медициналық қызметкерлер дәрігердің тағайындағанын толық орындамаған. Дәрігер кабинеттері мен жабдықтар жетіспейді. Бұл санитарлық талаптар сақталмайды деген сөз. Медициналық құжаттар бекітілген үлгіге сәйкес келмейді, - деп хабарладыПавлодар облысы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің басшысы  Евгений Губарев.

 

Сонымен қатар, тағы бір қолайсыздық - ол балалар тұратын ғимараттың қаладан алыста орналасуы. Қазір ол өндірістік аймақта. Алайда бүгінгі брифинг кезінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мәселе жақында шешімін табады деді. Қазір жобалық сметалық құжат дайындалуда. Алдағы жылы балалар қала ортасындағы ғимаратқа көшіріледі деп жоспарлануда. 

 

-Усолка 42-дегі Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансер аумағындағы ғимарат ұсынылды. Бұл осы мекемеге тиесілі бос ғимарат. Қазіргі таңда ол балалар психоневрологиялық орталығына дәл келіп тұр, -деді Павлодар облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Альмира Дисюпова.

Қазір орталықта орнатылған бақылау камералары арқылы балалардың ата-аналары мен қамқоршылар оны тәулік бойы қарай алады.