• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы бағдаршамдардың күтіміне 56 миллион теңге бөлінбек

Павлодардағы бағдаршамдардың күтіміне 56 миллион теңге бөлінбек

Айтуынша, ең алдымен бағдаршамдарды жуып-сырлап, кейін шамдарын ауыстырады. Сұхбат барысында мердігер электр реттеуіштерде жиі кездесетін олқылықтарды атады.

 

  • Бағдаршамның жұмыс істемеуі көптеген мәселеге қатысты. Олардың ең негізгісі мысалы жаз мезгілінде бұл трансформаторлық бекеттердегі жөндеу жұмыстары. Кей кездері электр реттеуіштері жаңбыр немесе басқа ақауға байланысты жұмыс істемейді. Біз олқылықтарды 3-4 сағаттың кезінде жөндеуге тырысамыз,- дейді мердігерлік ұйымның басшысы Владимир Ковалев.

 

Бағдаршамдардың күтіміне биыл 56 миллион теңге бөлінді. Сомманың 37-і миллионы электр шығындарына жұмсалмақ. Реттеуіштер істен шыққан жағдайда тәулік бойы жұмыс жасайтын бригада бар.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа