Павлодардағы білім беру мекемелерінде күзет күшейтілді

Барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде балабақшаларда күзет күшейтілді, қаладағы мекемелер толығымен мамандандырылған күзет ұйымдарымен қамтылған.

- Бейне камералар қосымша орналастырылып жатыр. Сонымен қатар, осы қаңтар айынан бастап турникеттерді қою жұмыстары да жүргізілуде. Мұның барлығы балалардың және біздің әріптес мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалынып отыр, - деп мәлімдеді Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Ал ауылдық аймақтарға келсек, олардың алыстығынан арнайы күзет ұйымдары қызмет жасағылары келмейді екен. Дегенмен, бұл шалғайдағы білім мекемелерінң қараусыз екенін білдірмейді. Білім және ғылым министрінің бұйрығымен оқушылардың демалысы қаңтардың 17-не дейін ұзартылғанын, сондай-ақ студенттер қаңтардың 24-не дейін демалатынын айта кеткен жөн.