• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы бірнеше тұрғын үй екі тәулік бойы жарықсыз отырған

Павлодардағы бірнеше тұрғын үй екі тәулік бойы жарықсыз отырған

«Весна» бағбаншылығында жыл бойы тұрақты түрде 100-ге жуық үйде адамдар тұрады. Жуырда қатты дауылдың салдарынан электр желісі зақымдалды. Адамдар апаттық қызметкерлерге хабарласқанымен, көмекке ешкім келмеді. Себебі желі ешкімнің теңгеріміне жатпайды екен.

 

- Кеше кешкі уақытта ғана олар желіні иесіз деп таныды. Оның алдында оның күтіміне ешкім жауап бермеген. Біздің 95 үйден бөлек, оған қосымша 20 мекеме қосылған.  Энергетикалық компания жарық үшін әрдайым түбіртектер жібереді. Апат бола салысымен желі бірден иесіз болып қалды. Сонда қаражат жинағанда ғана керек болатын желі деуге болады, - деді Жасминовая көшесіндегі №13-үйдің тұрғыны Анжелика Васильева.

 

- Жарық екі тәулік жоқ. Бір жыл бұрын бұл бағбаншылықта жеке құрылыс үйін салуға рұқсат берді. Адамдар өз жер телімдерін саяжайдан үйге ауыстыра бастады. Сол кезден бастап, біз осындай жағдай болмау үшін қала басшылығына қосымша трансформатор қоюды сұрадық, - дейді Жасминовая көшесіндегі №11-үйдің тұрғыны Елена Берет. 

 

Жер үйлермен қатар иесіз деп танылған желіге 20 мекеме қосылған. Барлығы 2 тәулікке жуық жарықсыз отыр. Баспаналардың көбісінде ұзақ жанатын пештер орналасқан. Арнайы құрылғының жұмысынсыз олар істен шығуы мүмкін.

 

- Адамдардың ашуында шек жоқ. Жағдай тұрақты түрде жылда қайталанады. Сол себепті біз облыс әкімінің атына хат жазып жібердік. Онда қосымша трансформатор орнату қажеттілігін айттық, - деді «Весна» бағбаншылығының төрағасы Алексей Магомаев.  

 

Түскі уақытта жарық беру үдерісі қалпына келтірілді. Алайда, адамдардың айтуынша оның қуаттылығы 140-150 вольттың шамасында. Қала әкімдігінде желіні теңгерімге кім және қашан алады деген сұраққа жауап бере алмады.