• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы бірқатар үйлерге ыстық су тамыздың соңында берілмек

Павлодардағы бірқатар үйлерге ыстық су тамыздың соңында берілмек

 

 

 

 

Кривенко көшесіндегі №81, 83, 85 және 87-ші үйлерге қайнақ су кесте бойынша тамыздың 25-і беріледі. Аталмыш көпқабаттыларға тиесілі орамішілік желілерде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Павлодарда ыстық сусыз отырға мекенжайлар жеткілікті. Адамдар бұл мәселеге үйреніп қалғандарын жеткізді.

 

-Жыл сайын қайталанатын жағдай. Шыдаудан басқа амал жоқ. Әбден үйреніп кеттік. Жылыту тоқтағанда, суды да тоқтатты,-деді қала тұрғындары.

 

Жылу берушілердің 24-ші мамырға берген ақпараты бойынша қазір Павлодардағы 767 көпқабаттысы қайнақ сумен. Алпауыт күнделікті 80 үйді қосуда.

 

-Жылу желілерінің сынақтарынан кейін 179 олқылықты жойып үлгердік. Естеріңізге салсақ, температуралық және гидравликалық сынақтардан кейін анықталған зақымдарды 5-ші маусымға дейін жоюды жоспарлап отырмыз,-дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжуманова.

 

Естеріңізге салсақ, гидравликалық сынақтардан кейін жалпы 300-ге жуық олқылық анықталды. Үйлерді қосу кестесі күнделікті алпауыттың сайтында жаңартылып отырады. Нақты мерзімді 109 қызметінен білуге болады.