Павлодардағы дүкен маңдайшаларынан 97 қате табылған
- Көп қателіктер жарнама банерлерінде. Олар тек орыс тілінде беріледі. Жұмыс тәртібі деген сөздер бәрі орысша беріледі. Кішігірім кемшіліктер болса 2-3 күн береміз түзетуге. Үлкен банерлер болса 15 күн, 1 ай мерзімінде уақыт береміз түзетуге, - дейді Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ілияс Серім.
Мамандардың айтуынша маңдайшалардың дұрыс рәсімделуі жөнінде үнемі жаднамалар таратады. Бұзушылық анықталған жағдайда алдымен кәсіпкерге ескерту жасалады. Бір жылдың ішінде 2-3 рет қайталанса, шағын бизнеске 5, орта бизнеске 10, ірі кәсіпорындарға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

