Павлодардағы екі мектеп оқушылар үшін жабық

Қаладағы жетінші мектептегі жөндеу жұмыстары сабақ аяқталысымен маусым айында басталған. Алайда оны жаңа оқу жылына дейін аяқтай алмады.

- Жетінші мектепке 720 миллион теңге бөлінді. Мұнда еден, есік, терезе ауыстырылып, қабырға мен төбені тегістейді. Жылу мен кәріз жүйесін жаңартады. Сонымен бірге шатыр жабынын ауыстырады, - деп атап өтті Павлодар қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлмира Медиева.  

Жоба бойынша мұнда спорт алаңы жаңартылып, аумақ абаттандырылмақ. Сонымен қатар қала бойынша бірінші мектепте де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы кестеге сай дейді білім бөлімінде. Айтуларынша қйркүйектің соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады. Келісілген мерзімнен бұл ерте деп сендірді Гүлмира Медиева. Ал мектептердегі оқушылар басқа оқу орындарында білім алуын жалғастыруда. Барлығы мың шақты бала уақытша ауыстырылған.