• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы екі қабатты баспананың шатыры опырылып, пәтерді зақымдады

Павлодардағы екі қабатты баспананың шатыры опырылып, пәтерді зақымдады

Айнаш Аркаева демалыс күндері болған апатты еске алуда. Ескі үйдің бірінші қабатында күйеуі және екі баласымен 15 жылдан астам тұрып келеді. Қазір ол апатты жағдайда дейді әйел. Үстінде орналасқан баспананың көрінісі адам шошырлық. Шатырдың қалдықтары кез келген сәтте Айнаштың пәтеріне құлауы мүмкін.    

- Үйіміз апатты жағдайда. Алайда апатты деген қағазды бермейді бізге. Әкімдіктен ешқандай пайда жоқ. Сол отырмыз тосып. Жылда жылда сүреміз дейді. Не жалдық баспанға ауыстырмайды. Енді қысты күні қалай отырамыз мына үйде мен білмеймін, - Генерал Дүйсенов көшесіндегі №383-үйдің тұрғыны Айнаш Аркаева.

Адамдарға коммуникациялардан тек жарық берілуде. Пәтер болғанына қарамастан, үйлерінде от жағуға мәжбүр. Суды құдықтан алса, дәретханалары далада орналасқан. Жалпы бұл ықшам ауданда осындай 15 баспана бар.

- Қазіргі уақытта, Затон ықшам ауданындағы үйлер апатты деп танылмаған. Ол үшін тұрғындарға баспанаға сарапшыларды шақырып, баға беру қажет. Кейін техникалық қорытынды алулары қажет. Баспана иелері аталмыш үдерісті орындамаған, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Әкімдікте бұл аудандағы ескі үйлерді бұзу жоспарда жоқ екенін айтты. Жер телімдерді жеке қолға беруді ұсынды. Алайда, олардан жауап жоқ. Жалпы қаламызда 44 ескі үй бар. Олардың тек біреуі ресми апатты деп танылған.

 Авторы: Айтмұхамбет Айғожа