Павлодардағы ескерткіштерді қашан жөндейді?

Қалалықтардың сүйікті демалыс орндарының бірі – Назарбаев даңғылының бойында. Алайда  мұндағы 2016 жылы орнатылған Малайсары баты ескерткішінің бүгінгі жағдайы сын көтермейді. Тұрғындар олардың күтіміне мән беру керек деп санайды. 

 

- Дәл қазіргі уақыттағы жағдайы қанағаттандырмайды. Ескерткішті орнатқандар жауапты шығар, - деді павлодарлықтардың бірі.

 

Павлодар қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше қала бойынша 77 ескерткіш пен мүсін бар. 38-і солардың есебінде. Қалғанына басқа мекеме жауапты.

 

- Биыл Павлодар қаласы әкімдігінің балансындағы барлық ескерткіштер мен мүсіндерді аралап, жағдайын тексердік. 8-не жөндеу жұмыстары қажет. Жұмыстар басталды. Жақын арада барлығы қалпына келтіріледі, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Әкімдіктегілердің айтуынша қалпына келтіру жұмыстары Қаныш Сәтпаев ескерткішінен басталған. Кезек жақын арада Малайсары батырға арналған құрылғыға да жетеді. Жалпы барлық жұмыстарды мамыр айында аяқтау жоспарланған.