• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы фонтандардың күтіміне 32 миллион теңге бөлінген

Павлодардағы фонтандардың күтіміне 32 миллион теңге бөлінген

Қаламызда жалпы 17 су бұрқақ бар. Олардың күтіміне қалалық бюджеттен биыл 32,5 миллион теңге бөлінді. 2020-шы жылы 3 фонтан техникалық байқаудан өтіп, нәтижесінде оларды қалпына келтіру шешімі қабылданды.

 

- Бұл орталық жағажайдағы, «Айналайын» саябағындағы және музыкалық колледж маңында орналасқандар. Тексеріс нәтижесі бойынша олардың жұмыс қабілеттілігі төмен болып шықты. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамаға тапсырыс беірлді. Мақұлданса аталмыш фонтандарды жөндейміз, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Рахим Қасенов.  

 

Қалпына келтіру жобасының құны - 3,5 миллион теңге. Күрделі жөндеумен қатар, онда арнайы жарықтандыру тартылады. Жұмыстар қашан басталатыны белгісіз. Сол себепті, көктемде барлық су бұрқақтар іске қосылады.  

 

- Барлық 17 субұрқақ іске қосылады. Мәшһүр Жүсіп мешітінің аумағында жаңа фонтан болады. Оның кепілдік мерзімі бар. Сол себепті  күтіміне мердігерлік ұйым жауапты болады, - деді Рахим Қасенов.   

 

Жоба құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін жұмыстарға кіріседі. Оның алдында қоғамдық тыңдаулар жоспарланған. Ақпанның 19-ы «ZOOM» платформасында орталық жағажайдағы фонтанның жобасы талқыланады.