• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы карантиндік бекеттерде аркалық термометр пайда болды

Павлодардағы карантиндік бекеттерде аркалық термометр пайда болды

-Егер уақыт туралы айтсақ, әрине мұнда уақыт көп жұмсалады. Бірақ та қазір біз үшін қауіпсіздік маңызды. Яғни егер блокпосттан өтушілердің бірі ауырып тұрған болса, тексеруші дәрігер оған жақындаған соң басқа адамдармен де қарым-қатынаста болады яғни басқаларға жұқтыру қаупі жоғары, -дейді әзірлеуші Сергей Голышев.

 

Аркалық термометрді қала бюджетінің үш жарым млн теңгесіне сатып алған. Бұл қызу өлшегіш құралдың өз бағасы. Өңдеуші оның сыртындағы қорабын өзі жасаған. Осындай құрылғы жақында Кенжекөлге бара жатқан бағытта да пайда болады. Бастысы бұл жабдық блокпосттағы дәрігерлердің адамдармен қарым-қатынасын азайтады. Ал карантин аяқталғасын оны басқа адам көп шоғырланатын орындарда қолдануға болады.