• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы Катаев көшесіндегі №95-үйдің тұрғындары: «Сап-сау ағаштарды құртты»

Павлодардағы Катаев көшесіндегі №95-үйдің тұрғындары: «Сап-сау ағаштарды құртты»

Мәселен, Катаев, 95 мекенжайындағы мердігердің жұмысынан кейін ағаштардың сабақтарын ғана қалдырған. Олар енді өспей қалады деген алаңдаушылықтарын білдірді. 

- ТҮКШ бөлімінің мердігерлік ұйымы барып, аталмыш мекенжайда ағаштардың санитарлық тазалығын орындады. Оның алдында апатты ағаш көлікке құлап, зақымдаған болатын. Осыған байланысты ағаштардың бұтақтарын кесу жүргізілді, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Қала әкімдігінде мердігер жұмыстарын барлық ережелерді сақтап орындағанын мәлімдеді. Барлығы адамдардың қауіпсіздігі үшін.

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.