• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы кейбір үйлерде жарықты кешке өшіріп, таңертең қайта қосады

Павлодардағы кейбір үйлерде жарықты кешке өшіріп, таңертең қайта қосады

Борис Петрович Кривенко, 81 мекенжайында тұрады. Зейнеткердің айтуынша, электр мәселесі 7-ші кіреберістегі кабель ақауынан пайда болған. Олқылықты жоюға келген мамандар 5-6-7 кіреберістің желісін біріктірген. Сәйкесінше, қазір кабель 240 пәтердің жүктемесіне шыдай алмауда. 

 

- Олар жеңіл жолды таңдады. Бірден трансформатордан 7-ші кібереріске жоғары қуаттылыққа шыдамды кабельді орнатуға болушы еді. Мәселені осылайша ғана шешуге болады. Кешкі уақытта тұрғындардың көбісі жұмыстан келеді. Барлық электр құрылғылар қосылады. Үйде жылу жоқ. Әрине, жылытқыштарды қолданамыз тоңып қалмас үшін. Сол кезде бірден электр желісі шыдамай өшіп отырады, - дейді Кривенко көшесіндегі №81-үйдің тұрғыны Борис Попов. 

 

 

Адамдар 240 пәтерді қамтып отырған кабелді ауыстыруды сұрайды. Бірақ мамандар электр жүктемесін төмендету үшін 3 кіреберістің лифттерін өшірді. Сондай-ақ, жуырда жылытқыштар мен басқа техникаларды қолданбаңыз деген хабарлама пайда болды. Қала әкімдігінде тұрғындарға үй ішіндегі құрал-жабдықтарды жаңартуға кеңес берді. 

 

- Кривенко, 81 мекенжайында трансформатор ауыстырылғаннан кейін 7 кіреберістің 3-еуінде электр мәселесі пайда болды. Онда үй ішіндегі желілер жүкемеге шыдамайтыны анықталды. Сол себепті тұрғындарға көпқабатты ішіндегі желілерді жаңартуға кеңес береміз.  Оның алдында Кривенко, 83 мекенжайының тұрғындары өздеріне тиесілі құрал-жабдықтарды ауыстырған болатын. Оған мақсатты бағытта қаражат жиналды, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Трансформатор жеке тұлғаға тиесілі. Ол Павлодардан тыс жерде тұрады. Сол себепті коммуналшылар уақытша қуат беруші құрылғыны ауыстырып, алпауыт кепілдік мерзімі аясында оны жөндейді.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа