• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы кесілген бұталарды уақытында әкетпеген мердігерге ескерту жасалды

Павлодардағы кесілген бұталарды уақытында әкетпеген мердігерге ескерту жасалды

Балабақша қызметкерлері ағаш құлағанда қасында балалар болмағанын айтуда. Санитарлық тазалық барысында орындалған жұмыстар адамдардың көңілінен шықпауда.

 

- Бұл біздің балақайларымыз үшін қауіпті. Себебі олар түскі уақытта серуендеуге шығады. Мұндай үлкен ағашты кесіп, ол біздің қоршауға құлады. Оның алдындағы бұтақтарды екі аптадан аса ешкім әкетпеуде, - дейді балабақша қызметкері. 

 

 

Мәселеге журналистер араласқаннан кейін бұтақ қалдықтарын алып кетті. Сондай-ақ, мердігерге ескерту жасалды.

 

- Қазіргі уақытта, Мәшһүр Жүсіп, 8 мекенжайындағы бұтақтарды мердігер жүк көлікпен алып кетті. Кесіліп, тұрып қалған ағаштар үшін мердігерге ескерту жасалды, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова. 

 

 

Айта кетсек, биыл ағаштардың санитарлық тазалығына 60 миллион теңге бөлінді. Қалада бұл жұмыстармен 3 мердігерлік ұйым айналысуда.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа