Павлодардағы кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары биыл аяқталмай қалды
Жөндеу жұмыстары 2018-ші жылы басталған. Неміс технологиясын қолдануда. Санация тәсілі қазба жұмыстарын қажет етпейді. Биыл осылайша Айманов көшесіндегі орталық коллекторды қалпына келтірді.
- Айманов көшесін аяқтауға тырысамыз. Шамамен 15-ші қазанға дейін қазба жұмыстарын орындауға рұқсатымыз бар. Келесі жылы осы Аймановта кішігірім телім қалады. Биыл Лермонтов көшесінде Сәтпаевтан Астана көшелерінің аралығында жұмыстарды бастаймыз. Ол жерде 300 метр желіні жаңартамыз, - деді мердігерлік ұйым басшысының орынбасары Нұралы Жұмадилов.
Лермонтов көшесіндегі жұмыстарды биыл аяқтамақ. Ал 2022-ші жылы ұзындығы 5 шақырымды құрайтын коллекторды жаңарту толықтай бітеді. Оның соңы Лесозауыт ауданында орналасқан. Жобаның жалпы құны 5 миллиард теңгені құрайды. Құбырлардың кепілдік мерзімі - 50 жыл.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.