Павлодардағы көктайғақтың зардабы

 

 

 

Травматолог дәрігерлерінің айтуынша, соңғы аптада келушілердің саны артқан. 205 адам қабылдауға келген. Олардың 120-сы көктайғақ салдарынан далада құлап, зақым алғандар.

 

- Аяқ-қолы сынған көбіне, аяқта мына тобық сынады. Қолдан білек сүйектері сынады. Сондай жарақаттар. Бостан босқа көп далаға жиі шыға бермеуге кеңес береміз. Дала тайғанақ, көктайғақ, мұз. Сондықтан сақ болып, асықпай жүрген дұрыс,-дейді травматолог Кажен Идрисов.

 

Коммуналшылар да көктайғаққа қатысты шағымдар келіп жатқанын жасырмады. Мамандар барлық өтініштерді қысқа уақытта өндеуге тырысуда.

 

-Мердігерлік ұйым қызметкерлері тәулік бойы жаяужолдарғы көктайға қарсы материалдармен өндеумен айналысуда. Құм шашу жұмыстары арнайы көлік өте алатын жерлерде орындалады. Ал өте алмаса қолмен шашылады,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Аралов.

 

Айта кетсек, бүгінде Павлодардағы көктайғақпен күреске арнайы техниканың 10-ға жуық бірлігі жұмылдырылған. Жұмыстар тәулік бойы тәртіпте жүргізілуде. Бұған қарамастан жарақат алғандардың саны азаймауда.