Павлодардағы көп қабатты үйдің тұрғындары күндіз майшаммен газет оқиды
Елена Александровна бұл үйде көп жылдан бері тұрып келеді. Тыл еңбеккерінің айтуынша, біраз болыпты пәтеріне күн жарығы түспейді. Оның себебін көшедегі ағаш бұтақтарынының уақытында кесілмеуімен байланыстыруда.
- Күнделікті шамдарды қосып отыра алмаймыз. Себебі, электр энергиясы үшін үлкен түбіртектер келеді. Май немесе қалта шамдарын қолданып, газет оқимыз. Барлық инстанцияларға хабарласатық. Біздің өтінім қабылданған, алайда, мәселе орнынан қозғалмауда, - дейді Астана көшесіндегі №6-үйдің тұрғыны Елена Алексеева.
Мамандар біздің сауалдан кейін бір апта ішінде мәселе шешілетіндігіне сөз берді. Бүгінде 300 мекенжайдағы ағаштар санитарлық тазалықтан өтті. Жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады. Анықталған екі мердігерге осы мақсатқа 60 миллион теңге бөлінді.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа