Павлодардағы көпқабатты үйді бұзбақшы
Естеріңізге сала кетсек, Торайғыров көшесіндегі екі көпқабатты үйді өткен жылдың наурызында салып бастады. Жергілікті тұрғындар оны тез көтерді деп шағымданған болатын. Ал маусым айында плитасы құлап кетті, сол кезде нысанда Өзбекстан азаматтары көптеген заң бұзушылықтармен жұмыс істегені анықталды. Ауқымды тексеріс басталды. Нәтижесінде барлық қатысушылар жазаланды.
-Тексеріс негізінде жазбаша өкім берілді. Барлық субъектілерде әкімшілік іс қозғалды. Бұл тапсырыс беруші, мердігер, техникалық қадағалау және жоба авторлары. Сонымен қатар құрылыс істері жөніндегі комитет қаланың сәулет бөліміне жазбаша өкім шығарды. Бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- дейді Павлодар облысы қала құрылысы және жер бақылауы басқармасының басшысы Арман Бекбосынов.
Нәтижесінде барлық рұқсат құжаттарын жойды. Жауаптыларға 300-ден 900 мың теңгеге дейін айыппұл салынды деп хабарлады қала құрылысы және жер бақылауы басқармасында. Қазір телім басқа тапсырыс берушіге тиесілі. Ал құрылыс орнында бұзу жұмыстары жүргізілуде.
-75/3 үйде толығымен бұзу жұмыстары жүргізілуде. Ол бойынша жұмыстарды жүргізу жобасы жасалынды. Наурыз айының соңына дейін аяқтауы тиіс. Алайда тапсырыс берушінің айтуынша демонтаж сәуірдің алғашқы он күндігінде аяқталады,- дейді Павлодар облысы қала құрылысы және жер бақылауы басқармасының басшысы Арман Бекбосынов.
Айта кету керек, осында орналасқан екінші үйді бұзу міндетті емес. Шенеуніктердің ақпараты бойынша көпқабатты үйді әрі қарай тұрғызу үшін бекіту қажет. Әзірге оны ұсынбапты.
Авторы: Бибінұр Хамитқызы